Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12651649
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6542
17782
110598
12290016
345814
367470
12651649

Сіздің IP: 44.223.39.199
Уақыт: 2024-03-29 13:16:55

ЭКСПО стилінде экскурссия өтті

ЭКСПО стилінде экскурссия өтті ЭКСПО стилінде экскурссия өтті
ЭКСПО стилінде экскурссия өтті ЭКСПО стилінде экскурссия өтті

2017 жылдың 25 тамыз күні Павлодар облысының педагогика қызметкерлерінің тамыз кеңесі шеңберінде М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында «Оқушылар сарайы – болашақтың аумағы» атты ЭКСПО стилінде экскурссия өткен болатын. Мерекелік іс-шараға облысымыздың қала және аудан білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары және құрметті қонақтар қатысты.

ЭКСПО стилінде экскурссия өтті ЭКСПО стилінде экскурссия өтті
ЭКСПО стилінде экскурссия өтті ЭКСПО стилінде экскурссия өтті

Бүгінгі таңда Кереку өңірінің балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық мекеніне айналған Оқушылар сарайы аталмыш экскурссияда өзінің қызметін қызықты порталдар мен модульдер арқылы таныстырды. Мысалы: «Ой энергиясы» порталына – «Brain stream», «Тандем», «Виртуалды мұражай», «Upgrade», «Sfera» атты модульдер енді. Бұл модульде - баспа және электрондық түрдегі дидактикалық, оқу әдістемелік және ақпараттық-талдау өнімдері көрсетіліп, сонымен қатар «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайының виртуалды мәнзарасы ұсынылды. Сондай-ақ, «Generetionz» - атты порталдында көркем және эстетикалық бағытта 4 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың шығармашлық қабілетін ертерек дамыту бағдарламасы ұсынылды. Ал «Арт-порталда» сәндік қолданбалы өнері бойынша және бейнелеу өнерінің әдістемелік және практикалық материалдары бес модуль арқылы көрсетілді. Атап айтсақ, «Арт-дала» атты модульінде сәндік-қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлі әдістері, бүгінгі күннің техникасымен тиімді үйлестіріліп, ата-бабамыздан қалған қол-өнердің түрлері тиімді жасалды. Сонымен қатар, дизайнер, тігін ісі шебер сомдалды. Соңғы «Техно порталда» - астрономия саласының тәжірибесі, қазіргі таңда барша жұрттың назарында болған робототехника үйірмесінің жұмысы, балалар мен жастардың медиа білім алуы туралы кең ақпар берілді. Экскурссияға келген ұстаздар ұжымы Оқушылар сарайының сфералық планетариясында қызықты фильмдерді тамашалап, эстетикалық бөлім тәрбиеленушілерінің сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері бойынша көрмесіне қатысып, Оқушылар сарайының жарқын жұлдыздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалды.

ЭКСПО стилінде экскурссия өтті ЭКСПО стилінде экскурссия өтті
ЭКСПО стилінде экскурссия өтті ЭКСПО стилінде экскурссия өтті

Бұл күнгі экскурссияға келген қонақтарға «Оқушылар сарайы – болашақтың аумағы» атты ақпараттық жинақ және «Сенің әлемің» облыстық балалар газетінің жазғы нөмірі сыйға берілді. Мерекелік іс-шараға облысымыздың 300-ге жуық ұстаздар қауымы қатысты.

Түсініктемелер қосу