Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12645153
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
46
17782
104102
12290016
339318
367470
12645153

Сіздің IP: 44.200.77.59
Уақыт: 2024-03-29 00:04:24

Әдістемелік бөлімі

Меңгерушісі: Ашенова Баглан Ердымбаевна

  

«Қаламгер» баспасөз орталығы

kalamger 2023 Детский пресс-центр «Қаламгер»

«Қаламгер» баспасөз орталығы 2006 жылы құрылды. Журналистік іс-әрекет білім беру әлеуеті бар, балаға өз пікірін еркін білдіруге, белгілі бір дағдыларды, адамгершілік сенімдерді, коммуникативті тәжірибені, өмірлік белсенділікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Баспасөз орталығында балалар журналистика және тележурналистика негіздерін, қазақстандық журналистика тарихын және оның дамуының негізгі үрдістерін зерттейді. Қала мектептерінің 5-11 сынып оқушылары үшін сабақтар мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Балалар тек-қана журналистика негіздерімен танысып қоймай, облыстық газеттерде, «Твой мир - Сенің әлемің» газетіне мақала жазып, облыстық Халық радиосында  «Жас тілші» балалар хабарының авторлары.
«Қаламгер» жас тілшілері облыстық «Ертіс» телеканалында Оқушылар сарайының студиялары мен клубтары жайлы хабарлайын «BALA - TIME» бағдарламасын жүргізеді.
 «Табысқа апарар жол» облыстық жобасы аясында тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырып, облыс және Республикамызға танымал адамдардан сұхбат алады.

Жетекшісі: Аипова Әсем Серікқызы

kalamger 23

 

 

"Мурагер" жас экскурсовод мектебі

Клуб «Мирас» Клуб «Мирас»

5-11 сыныптар арасындағы Павлодар қаласының оқушыларына арналған қоғамдық бағытты ұстанатын клуб. Клубтың қызметі балалар мен жасөспірімдерде жоғары патриоттық сана-сезімі және белсенді азаматтық айқындамасын қалыптастыруға бағытталған. Сабақ зияткерлік ойындар, белсенді кездесулер, дөңгелек үстелдер түрінде өткізіледі, негізгі бағыты - мұражайлық. Клубтың қызметі жас экскурсоводтарды дайындау, «Аталар-ардагерлер, немерелер -із-зерттегіштер» мұражайының мұрахатымен жұмыс істеуді қарастырады.

Жетекшісі: Беккожина Бахыт Сагантаевна

 

murager metod 23

 

«Speak» дебат клубы

speak 2023 Профориентационный клуб «Speak»

Клуб жұмысының бағдарлама мазмұны құқық қорғау, бостандық және тұлғаның заңды қызығушылығында оқушылардың құзыреттілігін дамыту, қоғамдық құндылық ретінде құқыққа өз көзқарасын анықтау. Клубтағы сабақтар оқушылардың қызығушылық пен құқықтарын бұзумен байланысқан әртүрлі жағдайларды шешуге арналған, оқушылар арасында, педагог пен ата-аналар арасында дұрыс қарым-қатынасты қамту, іс жүзіндегі құқыққа тәрбиеленушілерде жеке көзқарасты тәрбиелеу, азаматтық қоғам жағдайында әлеуметтенуге қабілетті тұлғаның дамуына жағдайлар туғызу.

Жетекшісі: Оразбаева Айжан Жумагуловна

 

speak 23

 

 

«Познай себя» үйірме

Кружок «Познай себя» Кружок «Познай себя»

Үйірме бағдарламасы баланың табиғи психологиялық дамуына жағдай жасауға бағытталған. Бағдарламаның құрылысы балалық шақтың белгілі бір кезеңіне тән жетекші қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған және жетекші психикалық процестің дамуына негізделген. Психикалық процестерді (есте сақтау, зейін, қиял, ойлау) дамытуға, ерікті және психофизиологиялық сфераларын дамытуға арналған тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалады.

Жетекшісі: Ашенова Баглан Ердымбаевна

 

poznai sebya 23

Археологиялық мектебі

archeologia 2023 Кружок «Познай себя»

Археология мектебінің сабақтарында оқушылар археология туралы тарихи пән ретінде негізгі білім алады, әртүрлі дереккөздерді: археологиялық, баяндау, эпиграфиялық зерттеумен және салыстырумен айналысады. Курс аяқталғаннан кейін тәрбиеленушілердің археологиялық экспедицияға шығуы жоспарлануда. Сабақтар 7-11 сынып оқушыларына арналған.


Жетекшісі: Бессинбенова Асемгуль Джамбуловна

archeolog 23

 

Волонтерский клуб «Мейір»

meir 2023 Кружок «Познай себя»

"Мейір" еріктілер клубының қызметі 14-18 жастағы балаларға бағытталған және "Бірге өмір сүру қызықты!» ұранымен өтеді. Клубта тәрбиеленушілердің қоғамдық өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасалған, мұнда олардың рухани және шығармашылық әлеуеті әлеуметтік маңызды қызметке тарту арқылы ашылады.

Жетекшісі: Оразбаева Айжан Жумагуловна

meir 23

 

«Ориентир» үйірмесі

orientir 23 Кружок «Познай себя»

Павлодар қаласы мектептерінің 7-11 сынып оқушыларына арналған құқықтық бағыттағы «Ориентир» клубы.
Клубтың қызметі заңгер мамандығы бойынша жасөспірімдердің кәсіби сынамасы үшін жағдай жасауға, құқықтық сала мамандықтарының ерекшеліктерін білуге, оларды өздеріне қолдануға және заңгер мамандығы туралы армандайтын әрбір оқушының жеке қабілеттеріне, мінезіне, темпераментіне және қалауына сәйкес келетін нәрсені таңдауға бағытталған. Сабақтар зияткерлік ойындар, белсенді кездесулер, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары, викториналар, іскерлік және спорттық ойындарға қатысу түрінде өткізіледі.
«Бағдар» құқықтық клубының бағдарламасы жасөспірімдерде экономикалық және кәсіби өзін-өзі анықтау қажеттіліктерін дамытады, сонымен қатар еңбек нарығының жеке психологиялық ерекшеліктері мен жағдайларын ескере отырып, мамандық таңдауға көмектеседі.

Жетекшісі: Фрик Аксана Ивановна

orientir 23 2