Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Облако тегов 

Қосымша ақпарат 

Біздің қатысулар 

3760133
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6828
3493
10321
3577745
36769
46846
3760133

Сіздің IP: 54.198.212.30
Уақыт: 2018-10-16 12:55:48

Техника мен ғылым бөлімі

Меңгерушісі: Жумажанова Айтжамал Айткалиевна

«Конструктор» жалпы техникалық моделдеу үйірмесі

Лаборатория общетехнического моделирования «Конструктор» Лаборатория общетехнического моделирования «Конструктор»

Жалпытехникалық үлгілеу лабораториясы спорттық-техникалық моделизм үйірмелеріне жатады. Онда 4-11сынып оқушылары оқиды. 

Үйірменің негізгі міндеті- техникалық кәсіптерді меңгеру және үйірме бағытымен байланысты болашақ кәсіпті таңдау арқылы өз еліне пайдасын тигізуге ықпал ететін жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Үйірменің басқа да міндеттері:
- техникаға қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
- шығармашылық қабілеттерін дамыту және құрастырушылық білік, дағдыларын қалыптастыру.
- қазіргі жағдайға бейімделген техникалық сауатты тұлғаны тәрбиелеу.

Үйірме жұмыс істеген уақытта үйірмешілер қалалық, облыстық, республикалық, өңіраралық және халықаралық көрмелер мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған болатын. Бұл Оқушылар сарайының бұрынғыдан келе жатқан үйірмесі болып саналады.

Жетекшісі: Вазиянов Евгений Владимирович

tehnicheskoe modelirovanie

 

Робототехника

robototehnika 2 Робототехника

Клуб жұмысының бағдарлама мазмұны құқық қорғау,бостандық және тұлғаның заңды қызығушылығында оқушылардың құзыреттілігін дамыту, қоғамдық құндылық ретінде  құқыққа өз көзқарасын анықтау. Клубтағы сабақтар  оқушылардың қызығушылық пен құқықтарын бұзумен байланысқан   әртүрлі жағдайларды шешуге  арналған, оқушылар арасында, педагог пен ата-аналар арасында дұрыс қарым-қатынасты қамту, іс жүзіндегі құқыққа тәрбиеленушілерде  жеке көзқарасты  тәрбиелеу, азаматтық қоғам жағдайында әлеуметтенуге қабілетті  тұлғаның дамуына жағдайлар туғызу.

Жетекшісі: Солтаналинов Кайрат Идрисович

robototehnika

 

«Луч» шығармашылық бірлестігі

Творческое объединение «Луч» Творческое объединение «Луч»

«Луч» шығармашылық бірлестігі өз жұмысын 1978 жылы бастаған болатын. Бұл Оқушылар сарайының бірінші үйірмелерінің бірі. Ұжымның бірінші жетекшісі Юрий Николаевич Кравчук. Сол жылдары студияда фотоаппаратты қолдануды, фотография жасауды үйретті, кинематографты зерделеді. Бұл алғашқы қадамдар болатын.

Педагог Сергей Владимирович Лавриктің келуіне байланысты студия жұмысының жаңа кезеңі басталды. Бұл 90-жылдар болатын. Өздері әзірлемелер жазып, мультфильм,сюжет, қойылымдар,фильмдер түсіріп, кейбір жұмыстарды орталық теледидардың «Сам себе режиссер» бағдарламасына жіберіп үлгерді. Жұмыстың біреуін теледидардан көрсеткен болатын.

Педагог С.В. Лавриктің осындай іспен балалар мен жасөспірімдерді қызықтырып, болашақ телеоператорлар тобын дайындауда үлесі зор болды. Кейбіреулері осы күнге дейін Павлодар теледидарында қызмет етеді: Алексей Омельницкий, Алексей Кот, Артём Кохан, Александр Смирнов және т.б. Сол уақытта «КТК-7» қалалық телеарнасында үйірмешілердің «ЗУ-зу» атты бірінші телебағдарламасы шыға бастады. Кейін бағдарлама «Дружки» атымен шықты.

С.В.Лавриктен кейін үйірме жұмысын оның тәрбиеленушісі Дмитрий Николаевич Твердохлебов жетекшілік етті. Оның келуіне байланысты қайтадан Павлодар теледидарында «Луч»шығармашылық бірлестігінің тәрбиеленушілері дайындаған балалар бағдарламасы шықты. Ол«Телеящик» деп аталды.

Дмитрий Николаевичтан кейін ұжымды Марат Төлегенұлы Байтенов басқарды. Студия мүшелері шығаратын бағдарлама «Жас ұшқын» деп аталды.

Жетекшісі: Даирбаев Даулет Бейсембаевич

luch

 

«Антарес» жас астрономдар клубы

Клуб юных астрономов «Антарес» Клуб юных астрономов «Антарес»

Балалардың  дұрыс  дүниетанымын  қалыптастыруында  маңызды ажырамайтын бөлігі болып астрономия ғылымы қала береді.  Оқушылардың  өздері бақылайтын құбылыстар туралы дұрыс  ой  тұжырымды қалыптастыру үшін әлем, Жұлдыздар, Күн және т.б.  туралы біртұтас және шынайы  көзқарас болу үшін астрономияны зерделеу керек. Оқушылар оны зерттегенде ,өздері бір жаңалық ашатын, ғылыми зерттеулермен айналысатын  ғалымдардың бірі болып саналады. Астрономиялық үйірменің бағдарламасы жұлдызды аспандағы нысандарға саналы көзқарас қалыптасуына мақсатталған.

Жетекшісі: Баубекова Гульнар Кайрболатовна

antares

 

Кружок английского языка «Bridge to English»

bridge to english Фотостудия «Объектив»

В кружке английского языка “Bridge to English” занимаются дети от 8 до 17 лет.
Занятия проводятся по коммуникативной методике. Учебно-воспитательная программа работы кружка “Bridge to English” включает в себя комплекс знаний, умений и навыков.
В результате прохождения программы 1 года обучения дети должны освоить звуки английского алфавита, научиться читать, сформировать лексический запас, необходимый для первого года обучения, научиться основным грамматическим конструкциям. Большое внимание в программе так же уделено развитию разговорной речи. Учитывая возрастные особенности учащихся, на уроке используются игры, песенки, стихи и мультфильмы. 
В группах второго года и последующих лет обучения основной акцент делается на развитие навыков разговорной речи и аудирования. Песни, фильмы и видео, работа в парах и группах, встречи с носителями языка мотивируют к изучению английского и позволяют практиковать разговорную речь.

Руководитель: Фетисова Наталья Александровна

bridge to english

 

«Қазақша сөйлейік» үйірмесі 

«Мен қазақша сөйлеймін» үйірмесі «Мен қазақша сөйлеймін» үйірмесі

«Қазақша сөйлейік!» үйірмесінде 2 топ жұмыс істейді. Үйірмеге 7 жастан 15 жасқа дейінгі орыс мектептерінің балалары қатысады. Бірінші жыл оқитын топта - 12-15 бала. Екінші жыл оқитын топтағы бала саны -12-15 оқушы.

«Қазақша сөйлейік!» атты үйірменің күнтізбелік жоспары «Оқу орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде жүргізілетін мектептерге арналған қазақ тілі мемлекеттік білім стандарты» негізінде жасалды.

Қазақ тілінің байлығымен таныстыру арқылы қазақ халқының мәдениеті, салты, әдебиетімен таныстыра отырып, қазақ халқын сыйлауға, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, балалардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен мемлекеттік тілді белсендірек оқып, үйрену - үйірменің басты мақсаты. Балалардың тіл дайындығының деңгейін өсіруде үйірменің мүмкіндіктері шексіз. Балаларды жалықтырмай, үнемі талаптарды күрделендіре отыра тілді меңгертуде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Соның ішінде түрлі деңгейдегі ойындардың алатын орны ерекше.

Жетекшісі: Ахантаева Сайран Болатовна

kazaksha soileik

 

«Қаламгер» Балалар баспасөз-орталығы

Детский пресс-центр «Қаламгер» Детский пресс-центр «Қаламгер»

Үйірмеде жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балалар тек қана журналистика негіздерін үйреніп қоймай,өз мақаларын облыстық газеттерге басып Павлодар облыстық радиосында  «Жас тілші» хабарын жүргізеді.

Жетекшісі: Аипова Әсем Серікқызы

kalamger

 

«Өркен» үйірмесі

Кружок «Өркен» этническое направление Кружок «Өркен» этническое направление

Бағдарлама тәрбие және білім берудің алдыңғы қатарлы ойларына негізделген, өскелен ұрпақтың бойында жалпы адамгершілік құндылықтарды,рухани және ұлттық мәдениетті қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Мақсаты мен міндеттері: - туған жердің өркендеуіне өз үлесін қосатын, халық пен мемлекеттің тарихын, мәдениетін,ұлттық дәстүрін, мемлекеттік рәміздер мен нышандарды сыйлайтын жанжақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу; - этнопедагогиканың тәрбиелік мүмкіндіктері арқылы қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру.

Жетекшісі: Оспанкулова Асима Советовна

orken

   

Творческая студия «Basic Design»

Творческая студия «Basic Design» Творческая студия «Basic Design»

Данный курс рассчитан на обучающихся 4-10 классов, содержит теоретическую и практическую части. Дети учатся Обучение основам с векторной и растовой гафикой инженерными чертежами  в Adobe Photoshop, CorelDraw, Autodesk AutoCAD.

Руководитель: Сербиненко Павел Игоревич

basic design