Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Музыкальный видеоклип - Подпишитесь

Облако тегов 

Қосымша ақпарат 

Біздің қатысулар 

2878286
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1936
2684
15757
2686957
49238
98225
2878286

Сіздің IP: 54.198.221.13
Уақыт: 2017-11-18 16:32:25

Көркемдік бөлімі

Меңгерушісі: Карпова Ирина Владимировна

«Анастасия» би-спорттық клубы

anastasiya Танцевально-спортивный клуб «Анастасия»

Үйірменің сипаттамасы: 2009 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап «Анастасия» би-спорттық клубы өз жұмысын бастады. Тәрбиленушілер ұжымы спорттық билер бойынша чемпионттар және халықаралық, республикалық турнирлердің жүлдегерлері мен дүркін-дүркін жеңімпаздары. Спорттық бал билері бойынша Павлодар қаласының кубогына «Dance ART» ашық біріншілікке жуырда ұжым қатысты. «Автомобилист» спорт кешенінде жарыстар өткізілді. Турнирге Павлодар, Қарағанды, Астана, Көкшетау, Семей қалаларынан 200-ге жуық жұптар қатысты. «Ювенал -1», «Ювенал-2» соло және жұптар категориясындағы «Анастасия» би спорттық клубының тәрбиеленушілері 1 және 2 жүлделі орындарға ие болды.

Жетекшісі: Никитина Виолетта Александровна

Жетекшісі: Загорулько Анастасия Евгеньевна

anastasiya

anastasiya 2

 

«Арман - шоу» театр-студиясы

armanshou «Арман - шоу» театр-студиясы

2014 жыл «Арман-шоу» ұжымы 15 – жылдық мерей тойын қарсы алуда.
Осы уақыт ішінде студия шығармашылық тұрғыдан көптеген жетістіктерге жетті. Жиырмадан астам ұжым түлектері болашақ мамандықтарын театр және ән өнерімен байланыстырды.
Ұжым Оқушылар сарайының барлық мәдени іс-шараларына белсене қатысады.
Сонымен қатар студия тәрбиеленушілері көптеген вокал сайыстарының қатысушылары және жүлдегерлері.

Жетекшісі: Бекбулатова Алмагуль Слямовна

Жетекшісі: Жанкаринова Галия Сериковна

Жетекшісі: Бекбулатова Айгерим Сакеновна

arman shou

arman shou 2

 

«Вдохновение» үлгілі би ансамблі

Образцовый ансамбль танца «Вдохновение» Образцовый ансамбль танца «Вдохновение»

1984 жылы Пионерлер мен оқушылар сарайында «Радуга» ән және би ансамблі өз жұмысын бастайды . Үлкен шығармашылық ұжымның құрамына 2 ұжым кіретін: хор және хореографиялық. Ұжым айтарлықтай танымал және көрермендер ілтипатына ие болатын, белсенді концерттік жұмыспен айналысты: республикалық және облыстық конкурстарға қатысты, түрлі концерттік алаңдарда өнер көрсетті. Ансамбльде өз ұжымдарымен 3 хореограф жұмыс істеді. Сөйтіп жиналған тәжірибе педагогтерді түрлі хореографиялық ұжымдар құруға ой салды. Әрқайсысы өзінше қызық әрі бір-бірінен ерекше болды. 1987 жылы «Вдохновение» атты бөлек би ансамблі құрылды. «Радуга» ән және би ансамблінен ерекшелігі жаңадан құрылған ұжым алдына мүлдем басқа міндеттер қойды: оқушыларға хореографиялық өнердің білім, білік және дағдыларының жүйесіне үйрету. 2000 жылы «Вдохновение» би ансамбліне үлгілі атағы берілді. Ұжымда өздерінің шығармашылық қабілетін іске асырғысы, хореографиялық өнердің қыр-сырын үйренгісі келетін балалар шұғылданады. Жыл бойы ансамбль тәрбиеленушілері қала, облыс және Оқушылар сарайының қызу қайнаған өміріне белсенді қатысады, ансамбль сабақтарында алған өздерінің білімін, би дағдыларын тиімді пайдаланады. Әбден шынықтырған концерттік және шығармашылық жұмыс олардың білім қорын, шығармашылық әлеуетін тәжірибеде толық түрде жүзеге асыруға көмектеседі.

Жетекшісі: Лапухина Галина Александровна

Жетекшісі: Можейко Ирина Александровна

Аккомпониатор: Колмыкова Елена Николаевна

vdohnovenie

 

«Жас дәурен» вокал студиясы

«Жас дәурен» вокал студиясы «Жас дәурен» вокал студиясы

«Жас дәурен» студиясының ұжымы – достық, өзара көмек, тісінушілік және отбасылық жылы қарым-қатынас орнаған, біріккен тату ұжым.
Түрлі конкурс - фестивальдарда вокалдық студияның қол жеткізген табыстарына Баршагүл Қайырбайқызының қосқан үлесі зор.

Жетекшісі: Ногаева Баршагуль Каирбаевна

Аккомпониатор: Черникова Татьяна Владимировна

jas dauren

 

«Жас екпін» домбыра оркестрі

«Жас екпін» домбыра оркестрі «Жас екпін» домбыра оркестрі

«Жас екпін» домбыра оркестрі - мемлекеттік тілде авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін, қаланың балалар шығармашылық ұжымдарының бірі. Осы уақыт ішінде ұжым өсті, нығайды, қалаға және оның аумағындағы көпшілікке танымал болды. Оркестр құрамындағы 6-тен 17 жасқа дейінгі балалар мұнда кәсіби дағдылармен бірге қазақ халқының бай мұрасымен танысып, игереді.
Оркестрге өз ісіне шын берілген, шебер ұстаздар: Кенжиханова Алтын Гафурқызы, Кенжеханов Мәди Батырханұлы, Райымбеков Қуаныш Егеубайұлы жетекшілік етеді. Олар балалардың жеке басының шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды туған өлкеге, Отанымызға деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерге баулиды, ең бастысы тәрбиеленушілердің болашақ мамандықтарына қызығушылығын қалыптастырады. «Жас екпін» оркестрінің көптеген түлектері: Аубәкіров Асхат, Ақаев Берік, Кенжеханов Мәди, Оразалина Сәуле Павлодар музыкалық колледжін бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс істейтін кәсіби музыканттар болып отыр. Ал Кенжеханов Мәди өз ұжымына оралып, еңбек етуде.
Оркестрдің шеберлігі жыл сайын өсуде. Бұған түрлі фестиваль мен конкурстардағы жеңістері, облыс және қаладағы абыройы айғақ.

Жетекшісі: Кенжиханова Алтын Гафуровна

Жетекшісі: Кенжеханов Мади Батырханович

Аккомпониатор: Райымбеков Қуаныш Егеубаевич

jas ekpin

 

«Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы

muzikalniy kvartal Студия эстрадного вокала «Музыкальный квартал»

«Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы 2010 оқу жылында құрылды. Студияның жұмыс істегеніне 6 жыл болады. Ұжымда 4 - 16 жас аралығындағы балалар шұғылданады. Студия құрылғанан бері 150 жуық шығарма жатталып үйретілді, 6 есептік концерт өткізілді. Студия жұмысының басты міндеті: вокалдық -техникалық дағдыларға үйрету, вокалдық өнерге тарту, еліміздің рухани мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ұжымның репертуарында қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармалары бар. Балалар Отан, көктем, бақытты балалық шақ, ана туралы және басқа да тақырыптарда ән айтады. Әндер қазақ, орыс және әлемнің басқа тілдерінде шырқалады. «Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы, Оқушылар сарайының концерттік бағдарламалары, облыстық және республикалық іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылады. 2012 оқу жылынан бастап ұжым 120 аса концерттік бағдарламларға қатысты. Жыл сайын ұжым Президент шыршасын өткізуге, жетім балалар, оңалту орталықтары мен арнайы мекемелерге арналған іс-шараларға белседілікпен қатысады.

Жетекшісі: Атлан Татьяна Ивановна

Аккомпониатор: Бродич Ольга Михайловна

muzikalniy kvartal

 

«Блэйз» эстрадалық үлгілі би студиясы

bleyz Образцовая студия эстрадного танца «Блэйз»

Оқушылар сарайында үлгілі эстрадалық би студиясы 1991 жылдан бастап құрылды. Осы уақыт ішінде ұжым өсті, бекіді, қала мен облысқа және одан тыс жерлерге кең танымал болды. Студия құрылғаннан бергі жылдарда өзінің белгілі бір дәстүрлері қалыптасты. Мұнда қатаң тәртіп, педагогтер мен балалар арасында өзара түсінушілік, тұрақты шығармашылық атмосфера орнаған. Бұл ұжымның барлық би композицииялары жарқындығы жігерлігі, өзгешелігі және ашық айқынды сюжеттілігімен ерекшеленеді . Олар театрландырылған , сонысымен көренмендерді ерекше баулиды. Концерттік костюмдерге көп көңіл бөлінеді. Репартуарға сай ойластырылған, қайталанбас ашық костюмдер коллекциясының біразы жиналды. Оған студия жетекшілері мен үйірме қатысушылары ата-аналарының қосқан үлесі зор. Үлгілі эстрадалық би студиясының би нөмірлері Оқушылар сарайының кез келген концертінің ғана емес, сонымен бірге қалалық, облыстық сахна алаңдарының сәніне айналды. Балалар халықаралық фестиваль мен конкурстарға жиі шақырылады. Сол сияқты "Блэйздің" "Тип-Топ" деп аталатын дайындық тобы бар.

Жетекшісі: Корнюхина Любовь Васильевна

Жетекшісі: Руденко Ирина Валерьевна

Жетекшісі: Павленко Екатерина Владимировна

Жетекшісі: Булич Анжелика Витальевна

bleyz

tip top

 

«Свет звезды» үлгілі ән театры

svet zvezdi Образцовый театр песни «Свет звезды»

«Свет звезды» үлгілі ән театры қала, облыс және Республикадан тыс шет жерлерге танымал ұжым. Өз ұжымы мен қаласының атын шығарған түлектерінің есімін тізіп шықса жеткілікті болар еді : Маутин Сұңғат, Қалымова Нәзира, Амерханова Дидар, Селезнева Даша, Тухфатуллин Дамир, Малцагов Ринат, Абдуалиева Зарина, Исабеков Абзал, Роза Мұқатаева және басқалар. Олар өз театрының тарихында мәңгілікке қалмақ. Бүгін «Свет звезды» - педагог Е.Валько әзірлеген жеке авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін белгілі балалар шығармашылық ұжымы. Оның негізінде балалардың музыкалық қабілетін жан-жақты ашу және дамыту жатыр. Музыкалық студиядан айырмашылығы театрда тек вокалист-орындаушылар дайындамайды, сонымен бірге музыкалық нөмірлер сахналанады. «Свет звезды» үлгілі ән театрының тәрбиеленушілері өте еңбекқор және жауапты. Ұжымда достық пен өзара көмек, шығармашылық және ынтамақтастық атмосфера орнаған. Бұл ұжымның көркем, есте қалатын, әдемі нөмерінсіз Оқушылар сарайында және қаланың өнер алаңдарында бірде-бір концерт өтпейді. «Свет звезды» үлгілі ән театрының әншілері мен топтары түрлі деңгейдегі конкурстар мен фестивальдардың бірнеше дүркін лауреаттары және жеңімпаздары. «Свет звезды» жетекшісінің парақшасы.

Жетекшісі: Валько Елена Михайловна

Аккомпониатор: Жалатбек Нурлыбек Сабитович

svet zvezdy

 

«Дебют» вокалдық студиясы

Авторская студия «Дебют» Авторская студия «Дебют»

Э.Т. Лютровник Қазақстанның композиторының одақ мүшесі, студия жетекшісі, жазатын авторлық балалар әндерін орындайтын ұжым. Солис студиясы вокал дағдыларын алады, сахналау шеберлігі негізімен танысады, жанды өнермен орындай отыра, микрофонмен жұмыс істеуге үйренеді, дыбыс жазу студиясы жұмыс істейді, хореографиямен айналысады. Ұжымда әр түрлі вокал түрлері қолданылады: соло, дуэт, трио, вокал топтары. Облыс және қала іс-шараларының тұрақты қатысушылары.

Жетекшісі: Лютровник Эльвира Тавкильевна

Аккомпониатор: Капарова Динара Зиадиновна

debyut

 

«Splash» заманауи би студиясы

Студия современного танца Splash Студия современного танца Splash

Менің басты міндетім - бидің заманауи бағыттарын кең жария ету (мынадай түрлерін: Jazz, Jazz-modern, Hip-hop, Reggaeton, Брейк Данс, Contemporary, Импровизация және басқалары) 7 жастан жоғары ер балалар мен қыздар арасында.

Жетекшісі: Можейко Ирина Александровна

splash

 

«Глобус» жас театралдар клубы

Клуб юных театралов «Глобус» Клуб юных театралов «Глобус»

«Глобус» жас театралдар клубы баланың бойындағы заманауи және баяғыдан келе жатқан театр, кино және жазу өнеріне деген құштарлығын оятуға күш салады. Бұл клуб Оқушылар сарайындағы ұйымдастырылған мерекелердің көркемдік өтуіне өз үлесін қосады. Клуб оқушылары концерттік бағдарламалардың жүргізушісі немесе қойылымдардың кейіпкерлері, қойылым қоюшылары болуы мүмкін.

Жетекшісі: Ешимкулов Жақсыбек Махаматкулович

globus

 

«Калейдоcкоп» театр студиясы

kaleydoskop

«Калейдоскоп» театралдық студиясында - балаларды табысты, өздеріне деген сенімділік, батыл әрі еркін, жауапкершілік және шыдамдылық, шығармашыл және айқын, қоғам алдыңда сөз сөйлеуге үйретеді. Бұндай қасиеттер болашақ мамандықта және өмірде де қажет болатын қасиеттер. Бұл жерде сезімге бөленіп, дұрыс шешім қабылдап, түрлі тағдырдың ролін ойнап өмір сүруге болады. Оқушылар, өкінішке орай, мектеп бағдарламасына енбейтін көптеген әйгілі драммматургтардың есімдерімен, шығармашылықтарымен таныс болады. Сондай-ақ, бұл жерде, ынтымақтастықта уақыт өткізуге болады! Сабақтар М.Е. Билаяның «Театралдық өнер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты пікір білдірілген, авторлық бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Бұл бағдарламада театралдық-ойын қызметінің әдіс-тәсілдері жүйеленген. Театралдық ойнау барысында, балалардың әр-түрлі шығармашылық қызметтері іске асып, бірінші және екінші оқу жылына оқушыларға арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар құрылған.

Жетекшісі: Билая Марина Евгеньевна

kaleidoskop

 

«Fresh» шығармашылық студиясы

fresh

Бұл үйірменің бағыты шығармашылық даму, балалар мен жасөспірімдердің ұйымдастыру- көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйірме жетекшісі мектеп ішінде және Оқушылар сарайының бұқаралық іс шараларын жүргізіп, өз жеке тәжірибесіне сүйене отырып, оқушыларға тәлім береді. Үйірме қызметінің басты бағыттары: • Тәрбиеленушіде шығармашылық ұйымдастыру-көшбасшылық қабілетін ашу; • Оқушылар Сарайының бұқаралық іс-шараларында жүргізушілерді дайындау және оқыту; • Тақырыптық ойын-конкурстық бағдарламаларды жүргізу; • Оқу жылы бойы қалалық, облыстық, республикалық шығармашылық конкурстарға қатысу;

Жетекшісі: Сейталиев Бауыржан Бисембаевич

fresh

 

«Теремок» позитивті шығармашылық балалар театры

Детский театр позитивного творчества «Теремок» Детский театр позитивного творчества «Теремок»

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Егер сіз қаласаңыз, сіздің балаңыз: - үйлесімді дамуы - өзіне сенімді болуы - қоғам алдында өзін еркін сезінуі - адамдармен оңай қарым-қатынас табуы - өзінің дауысымен және денесімен жақсы иегеруі - дұрыс дикцияға үйренуі - сахнада ұялуының басылуы - қарым-қатынас жасауға кері әсерін тигізетін, басқалардан ұялшақтықтан арылуы - коммуникативтік дағдыларын дамытуы Онда Сізге балаңызды біздің театрға жазу керек! «Теремок» театр жұмысының бағдарламасы 6 жастан 8 жасқа дейінгі бастауыш сыныптары мен мектепке дейінгі балаларға арналған. Біздің сабақтарда: - өзара көмектесу, ынтымақтастық сезіміне, эмоционалды ықыластылықты дамытуға және қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; - эстетикалық мәнерін тәрбиелеу; - баланың моторикасын дамытатын бірінші қуыршақ жетектеу дағдыларын қалыптастыру; - сахналау қозғалыстарының негізін дамыту; - актерлік шеберлігін қалыптастыру; - мәтінді оқытудың алғашқы дағдыларын шығару; - жалпы ой-өрісін дамытуына мүмкіндік беру; - мәнерлеп оқытуды дамыту; - өзіне және қоршаған ортаға мейірімді қарым-қатынасын тәрбиеде талап етуіне жағдай жасау. Сіздің балаңыздың дарындылығын ашу үшін, сабақты 20 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі психолог Карпова Ирина Владимировна өткізеді. 6 жастан 8 жасқа дейінгі балаларды күтеміз.

Жетекшісі: Карпова Ирина Владимировна

teremok

 

КВН жастар театр студиясы

Молодежная театральная студия КВН Молодежная театральная студия КВН

Оқушыларды мектеп жағдайында "КВН" қозғалысына қатыстыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл студияның бағдарламасының ерекшелігі сабақта алған білім мен дағдыларды тәжірибеде үйренеді, КВН командасының қатысушылары бірден оны сахынада ойнай бастайды. Тәжірибеде қолдана алатын команда дағдылары мен білімдерін алғашқы сөйлеу қажеттілігінен түсіне алатын ұжымды тәжірибеде үйрету ерекшілігі бағдарламаның құрылуы болып табылады. Содан соң сөйлеуден кейін нәтижесіне талдау өткізіледі де, тағы да теориялық деңгейде жүргізіледі. Екінші сөйлеуіне дайындық үрдісінде бірініші сөйлеудің қателіктерін және т.б. есептейді. Бұл кезең уақыт келе кішкентай балаларға беріледі, алған дағдылары мен білімдерін бекіткен және оқушылардың қызығушылығын қолдауға мүмкіндік беретін оқыту әдісі.

Жетекшісі: Утилов Базыл Таганбаевич

kvn

 

«Импульс» шығармашылық студиясы

Творческая студия «Импульс» Творческая студия «Импульс»

Шығармашылық студия бірнеше қызықты әдістеме мен бағыттардан тұрады. 8-ден 14 жасқа дейінгі балаларға арналған аталмыш бағдарлама олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сабақтар аптасына екі рет екі сағаттан өткізіледі, оған актерлік шеберлік, театр гримі, пантомима, көркем мәнерлеп оқу кіреді. Сабақтар өте қызықты ойын түрінде,балаға қысқа уақытта өзін ашуға мүмкіндік береді, үйлесімді тұлғаға тән барлық қасиеттерін дамытады: қиял,есте сақтау, тез тіл табысатын, өз сезімін бақылауға және жеткізуге қабілетті. Егер де сен позитивті, көңілді, шығармашыл және мақсатқа бағытталған болсаң, онда біз сені студиямызға шақырамыз. Біз сені күтеміз!

Жетекшісі: Фахрутдинова Светлана Дмитриева

impuls

 

«Paradise» шығармашылық студиясының жетекшісі

Творческая студия «Paradise» Творческая студия «Paradise»

«Paradise» шығармашылық студиясында әр оқушы өзінің шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндігі бар. Бұл студияда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы топтарда сабақтар өткізіліп, ерекше көңіл бөлінеді. Студияның шығармашылық жұмысы: - шығармакшылықтың дамуы, сахыналық күш пен мәнерліктің дамуы; - актерлік шеберліктің дамуы; - балалардың бойына эстетикалық талғам сезімін дарыту; - балалардың бос уақыттарын әлеуметтік-қоғамдық бағытта дамыту; - салауатты өмір салтын ұстануға оқушылардың позитивті көзқарастарын қалыптастыру; -жаттығулар, шығармашылық ой мен қиялды дамытуға арналған жаттығулар, модельдеу, этюдтер, суырып салма, ақындық, шешендік қабілетті дамыту, ойындар. - театрлар мен көрмелерге бару. - шебер - сыныптарға, шығармашылық зертханаларға, фестиваль мен жобаларға, қамқорлық акцияларына, фотоальбомдар жасауға қатысу; - ұжымдық-шығармашылық жұмыстарға қатысу.

Жетекшісі: Аскаусов Темирлан Куанышевич

paradice